Кәсіби ынтымақтастықты кеңейтеміз
«Тиімді менеджмент – білім беру ұйымы қызметінің сапасы» тақырыбындағы қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына арналған республикалық біліктілікті арттыру курстары аясында, Өскемен қаласында өткен шара барысында мектеп директоры Г. Б. Кучикова Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі қосымша білім беру ұйымдарымен – Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары және басқа да аймақтармен – ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды.
Кездесулер барысында Өскемен қаласының қосымша білім беру ұйымдарына бару ұйымдастырылып, бірлескен жұмыс бағыттары айқындалды, Ынтымақтастық жоспары белгіленді және әрі қарай кәсіби өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
Бұл келісімдер тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және мектебіміздегі білім беру үдерісінің сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Расширяем профессиональное сотрудничество
В рамках республиканских курсов повышения квалификации для руководителей организаций дополнительного образования на тему «Эффективный менеджмент – качество деятельности образовательной организации», проходивших в городе Усть-Каменогорск, директор школы Г. Б. Кучикова подписала ряд меморандумов о сотрудничестве с организациями дополнительного образования из разных регионов Казахстана: Восточно-Казахстанской Алматинской, Карагандинской, Северо-Казахстанской, Актюбинской областей и других.
В ходе встреч были посещены организации дополнительного образования г. Усть-Каменогорск, намечены направления совместной работы, определён План сотрудничества и обсуждены перспективы дальнейшего профессионального взаимодействия.
Эти договорённости откроют новые возможности для обмена опытом, проведения совместных проектов и повышения качества образовательного процесса в нашей школе.
